Астанада автобусқа жіп тартып, киімдерін ілгендердің видеосы полицияға жолданды

Сурет: видео скрині
20 ақпанда әлеуметтік желілерде автобус салонында киімдер ілген жолаушылардың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CTS көлік бақылау департаментінің қызметкерлері бұл оқиға № 21 автобуста болғанын анықтады.

Сағат 20:29-да № 21 автобусқа "Астана саябағы" аялдамасында жолаушылар кіріп, автобус салонына тез жіп тартып, киімдерді іле бастағаны анықталды.

Мұны істегендер мен кейбір жолаушылар салонда болып жатқанның барлығын ұялы телефондарына түсірген.

Жолаушылар келесі "Аiland отбасылық демалыс орталығы" аялдамасына жетіп, ілінген жіп пен заттарын жинап алып, автобустан шығып кеткен.

"Бейнематериал құқықтық бағалау және тиісті әрекет ету шараларын қабылдау үшін Астана полиция департаментіне жолданады", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды