Түркияда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Сурет: pixabay
Түркияның шығысындағы жер сілкінісінің магнитудасы 5,2 болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы жерасты дүмпуі Түркияның шығыс бөлігінде болғанын мәлім етті.

Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша 15:04:50-де тіркелді. Ошағы Шанлыурфа қаласынан солтүстікке қарай 123 шақырым және Малатия қаласынан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

6 ақпанда Түркия мен Сирияда күшті жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша Түркияда 50 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Қазақстан түрік халқына көмектесуін жалғастыруда. Зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін Түркияға алғашқылардың қатарында қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер аттанды. 

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды