"Азия балалары" ІІ қысқы ойындарында жас спортшыларымыз тағы үш медаль ұтып алды

Сурет: Istagram/drs_kz
"Азия балалары" ІІ қысқы ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруде Илья Мизерных алтын, Илья Шильников күміс, Софья Шишкина қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортты дамыту дирекциясының мәлімдеуінше, Софья Шишкина шаңғымен тұғырдан секіруде төрешілерден 203 ұпай алып, "Азия балалары" ІІ қысқы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп жазды 

Қос Илья да жеңіс тұғырынан көрінді.

Илья Мизерных пен Илья Шильников шаңғымен тұғырдан секіруде "Азия балалары" ІІ қысқы ойындарында қарсылас шақ келтірген жоқ.

Сурет: Istagram/drs_kz

Илья Мизерных 239,3 ұпаймен чемпион атанса, Илья Шильников 227,3 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды.

Енді Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар.

Еске салсақ, "Азия балалары-2023" қысқы ойындарында қазақстандық спортшылар қоржынына алғашқы медальді 1500 метрге жүгіруден қола жүлдегер атанған Малика Жолтабар салған еді.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды