Доллар бағамы төмендеді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 4,52 теңгеге төмендеп, 431,08 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 0,8 теңгеге түсіп, 62,46 теңге болды. Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 462,88 теңге, рубльді 5,78 теңге деп белгілеген.

Ақша айырбастау орындарында доллар 432-436 теңге, еуро 460-465 теңге, ресей рублі 5,65-5,9 теңге аралығында сатылып жатыр.

Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 0,37% арзандап, 84,48 доллар болды. WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 0,32% жоғалып, 77,91 доллар болды.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды