Жібек Құламбаева BeeTV 60 Women's турнирінің жартылай финалына өтті

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour BeeTV 60 Women's турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге ширек финалда нидерландықтар Жасмин Гимбрере мен Бибиана Схуфсты 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Жібек пен Мартина финалға шығу үшін ресейліктер Полина Кудерметова  мен Анастасия Тихоновамен кездеседі.

"Ойын оңай болған жоқ. Әсіресе, екі сеттің соңында тәуекелге баруға тура келді. Жартылай финал да қиынға түсетіні анық. Астанадағы додадан кейін Джакартаға жол тартып, ITF W25 сериясында өтетін екі жарысқа қатыспақшымын".Жібек Құламбаева

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды