Ақмолада анасымен болған жанжалдан кейін үйден кетіп қалған жасөспірім табылды

Сурет: ҚР ІІМ
15 наурыз күні Қосшы қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан 14 наурыз күні кешкі сағат 23:00 шамасында жанжалдан кейін үйден белгісіз бағытта кеткен кәмелетке толмаған қызын іздеуге жәрдемдесу туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.

Сәтсіз іздеуден кейін әйел полицияға жүгінген. 15 жастағы ақмолалықтың жоғалып кету фактісі бойынша полиция бөлімінің қызметкерлері дереу шығып, оның орналасқан жерін анықтау бойынша алғашқы іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Тәртіп сақшылары жасөспірімнің баруы мүмкін барлық жақын аумақтар мен бағыттарды тексеріп өтті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қыз Лесная Поляна тұрғын ауданы аулаларының бірінен табылып, анасына тапсырылды.

Кәмелетке толмағанға қатысты үйден тыс уақытта ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды. Баламен және оның анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды