Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 8-орынға орнықты

Сурет: Instagram/wta
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина әйелдер арасындағы "Мастерс" турниріндегі тарихи жетістігінің арқасында алдағы аптаның басында WTA әлемдік рейтингісінің кемінде 8-ші қатарынан көрінетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакина рейтингісінің жоғарылауы Индиан Уэллс корттарындағы турнирдің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы - польшалық Ига Швёнтекті 6:2, 6:2 есебімен ұтып кеткеннен кейін мүмкін болды.

"Осындай тамаша ойын көрсетемін деп ойлаған жоқпын. Ширек финалда ауыр болды. Бүгін ештеңе ойлаған жоқпын. Кортқа шықсам болды, ойыннан ләззат алғым келді, соны ғана қаладым. Расында, бәрі солай болып шықты. Осы жыл бойындағы ең мықты матчтарымның бірін өткіздім. Көрсеткен ойыныма дән ризамын. Соболенкоға да қарсы осындай ойын өрнегін көрсетемін деп үміттенемін". Елена Рыбакина

Қазақстандық бұл жетістігі үшін ойынға 1,5 сағат уақытын кетіріп, 7 эйс өткізді. Осыдан кейін Елена WTA-ның Live рейтингісінде 8-ші орынға орнықты.

Енді ол чемпион титулына AusOpen - 2023 финалында жеңіліп қалған беларусь өкілі Арина Соболенкомен таласатын болады.

Финал 19 наурызда (Астана уақыты бойынша 20 наурыз күні таңертең) сағат 04: 00-де басталады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды