Абай ауданы тұрғындары Наурызды тойлап, науқанға қатысты

Сурет: Абай ауданы әкімдігі
Нұршуақ шағынауданы тұрғындары Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Сайлауда дауыс беріп, өз таңдауын жасап шыққан нұршуақтықтар «Армысың, әз Наурыз!» атты мерелік іс-шараға белсенді түрде қатысты.

Тұрғындар дастарханға қойылған наурызкөжеден дәм татып, балалар алтабақан тепті. Тойға келген жұртшылық арқан тартысып, қол күресінен сынға түсті.

Сурет: Абай ауданы әкімдігі

Өнерпаздардың концерттік бағдарламасы тойдың көркін қыздырды. 

Сурет: Абай ауданы әкімдігі

"Таң азанымен тұрып, учаскелік сайлауға бардық. Сайлау – маңызды шара. Біздің әрқайсымыздың даусымыз еліміздің ертеңін жарқын болашаққа бастайды. Ал жаңа партия, жаңа кандидаттардан халықтың үміті көп. Еліміздің өркендеуіне үлес қосатын азаматтар сайланып, Отанымыздың абыройы асқақтай берсін", - дейді ауыл белсендісі Зибагүл Қосуақ.

Сурет: Абай ауданы әкімдігі

Сонымен қатар тұрғын шағынаудан халқы мерекенің өтуіне де ерекше атсалысып отырғанын, бәрі бірауыздан науқанға қатыстқанын атап өтті. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды