Алматы-Баку тікелей әуе рейсі іске қосылды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Әзірбайжан әуежолдары" авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға ұшуды бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бакуден Алматыға ұшу аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері жүзеге асады. 

Ал 16 наурызда "Әзірбайжан әуежолдары" авиакомпаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері Бакуден Астанаға, ал сейсенбі және жұма күндері Астанадан Бакуге ұшатын рейсті ашты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

"Алматы - Орталық Азияның ең ірі, ең дамыған және тартымды туристік бағыттарының бірі және Әзірбайжан авиакомпаниясының өкілдері бұл пікірді қолдайды. Біздің министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады", - деп атап өтті Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Алматы
Әзірбайжан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды