Алматыда 6 миллиард теңге тұратын жер телімі мемлекетке қайтарылды

Сурет: freepik
Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы айтты.

Ведомствоның мәліметінше, 2014 жылы Алматының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 миллиард теңгеден асатын, жалпы көлемі 3,8484 гектар жер телімі "Достық Строй" құрылыс компаниясы" ЖШС меншігіне өткен.

Алайда бұл жердің 7 жылдан астам уақыт бойы мақсатты пайдаланбағанын ескеріп, әскери прокуратура оны мәжбүрлі түрде алып қою туралы сотқа шағым түсірді.

"2022 жылғы 24 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арыздары қанағаттандырылып, заңды күшіне енді".Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

"Қазір сот актісі орындалып жатыр", деп қорытындылады баспасөз қызметі.

2022 жылдың 9 желтоқсанында прокурорлар пайдаланылмай жатқан 1,5 миллион гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарғаны хабарланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды