АҚШ-та жүк пойызы апатқа ұшырады

Сурет: pixabay
АҚШ-тың Миннесота штатында жүк пойызы жолдан тайып, өртке оранды.

Оның цистерналарына этанол мен жүгері шәрбаты құйылған. Оқиғаға байланысты жақын маңдағы Раймонд қаласының кейбір тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, деп жазады qazaqstan.tv.

Ешқандай адам жараланған жоқ. Дегенмен, көп кешікпей халықты эвакуациялау туралы бұйрық доғарылған.

Өйткені өрт пен химиялық заттан төнген қауіп сейілді. Ақпанда Огайо штатының Шығыс Палестина қаласынының маңында дәл осылай пойыз апатқа ұшырағанда, миллиондаған литр қауіпті материал төгіліп, қоршаған ортаны ластаған.

Тағы бір айта кететін жайт, Құрама Штаттарда жыл сайын мыңға жуық пойыз рельстен шығып кетеді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды