Қазақстандық тағы 4 спортшы үстел теннисінен әлем чемпионатына жолдама алды

Сурет: instagram.com/drs_kz/
Бүгін Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында өтетін үстел теннисінен жекелей сындағы әлем чемпионатында өнер көрсететін қазақстандықтар қатары толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) Денис Жолудев/Сағынтай Құрмамбаевтың және Зәуреш Акашева/Анастасия Лаврованың жұптық сында бақ сынайтынын хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық құрама сапынан Кирилл Герасименко (жекелей және жұптық сында), Алан Құрманғалиев (жұптық сын), Айдос Кенжеғұлов (аралас жұптық сын), Зәуреш Акашева (аралас жұптық сын) жылдың басты бәсекесіне жолдама иеленген.

Әлем чемпионаты ОАР-да 20-28 мамыр аралығында өтеді. Осымен 57-рет ұйымдастырылатын сында 5 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды