Америкалық әнші Тина Тернер қайтыс болды

Сурет: instagram.com/tinaturner/
Әнші Тина Тернер 83 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әншінің Instagram-дағы парақшасы хабарлады.


"Тина Тернердің қайтыс болғанын үлкен қайғымен хабарлаймыз. Өзінің музыкасымен және өмірге деген шексіз құштарлығымен ол бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйерлерді баурап, болашақ жұлдыздарды шабыттандырды. Бүгін біз өзі арамыздан кеткен, бірақ ұлы туындыларын: өзінің музыкасын қалдырған қымбатты досымызбен қоштасамыз. Біз оның отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Тина, біз сені қатты сағынамыз", - делінген жазбада.


Тина Тернер (шын аты-жөні Анна Мэй Буллок) АҚШ-тың Теннесси штатындағы Натбуш қаласында дүниеге келген. "Грэмми" сыйлығын 8 рет иеленген. Ол "Рок-н-ролл ханшайымы" атанып кеткен.

Тина әлемдегі ең үздік бишілердің ондығына кірген. Rolling Stone журналы оны "заманымыздың ең ұлы әншілерінің бірі" деп атаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды