Қазақстандық теннисшілер "Ролан Гарростың" алғашқы раундында кімдермен ойнайды

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
28 мамырда басталатын "Ролан Гаррос 2023" турнирінің әйелдер мен ерлер арасындағы жекелей сындағы жеребе тарту рәсімінің нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина әуелі іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен (квалифайер) немесе іріктеу кезеңінің соңғы кездесуінде жеңілген теннисшімен (лаки-лузер) кездеседі.

Юлия Путинцева бірінші айналымда бельгиялық Марина Заневскаямен (88-ракетка) ойнайды.

Ал ерлер арасында Александр Бублик те алғашқы раундта Елена Рыбакина сияқты квалифайермен немесе лаки-лузермен ойнайды.

Ертең "Ролан Гарростың" іріктеу сайысының финалында ойнайтын қазақстандық теннисші Тимофей Скатовтың да негізгі турнирге жолдама алуына мүмкіндік бар. Ол бразилиялық Фелипе Мелигени Родригес Алвеспен (165-ракетка) кездеседі. Бұған дейін қазақстандық теннисші іріктеу сайысының алғашқы екі матчында жеңіске жетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды