Рыбакина Australian Open екінші айналымында франциялық теннисшіні жеңді
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралияның ашық чемпионатының үшінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол екінші айналымда Франция өкілі Варвара Грачеваны (WTA рейтингінде 77-орын) 7:5, 6:2 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина бес эйс жасап, бірде-бір қос қателікке жол берген жоқ. Сондай-ақ жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Рыбакина турнирдің төртінші айналымына шығу үшін Чехия теннисшісі Тереза Валентовамен кездеседі.
Елена Рыбакинамен қоса, Мельбурндегі жарыста қазақстандықтар арасынан Александр Бублик, Юлия Путинцева және Анна Данилина да өнер көрсетіп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript