Нәубет жылдары 3 200 қазақтың Үндістанға табан тірегені белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
Былтыр «Архив – 2025» бағдарламасы аясында 10 елге барып-қайтқан отандық ғалымдар осылай дейді. Экспедиция барысында жиналған құжаттар Елордада өткен көрмеде таныстырылды.

Тарихшылар отызыншы жылдары Қытайға 18-45 мыңның арасында адам көшкенін айтады. Алайда қаншасы ары асқаны белгісіз еді, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Ғалымдарда Тибет, Гималайды басып өткен қаралы көштің толық тізімі бар. Олардың 2 мыңға жуық қойы, 500 шамасында сиыры мен жылқысы болған.

Кейін Пәкістан, Ауғанстан арқылы Түркияға жеткен. Аштықтан, аурудан, ыстық-суық пен қарақшылықтан басым бөлігі көз жұмып, небары 1000-нан астам жанға Анадолыдан дәм бұйырды. Қазір құжаттарды зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Ғалымдар бұл ауқымды істің тек басы ғана екенін айтады.

"Ал енді біздің ойымыз, барып келген іссапарды жалғастырып, тағы да әрі қарай зерттеу керек. Себебі Үндістанда көп дүние бар. Біз Нью-Делиде ғана болдық. Былай қарасаңыз, олар Бхопал, Хайдарабад деген қалаларында өмір сүрген. Сол жерге дейін жетуіміз керек. Міндетті түрде Англияға бару керек. Англияның архивінде, бұл жерде де болуы керек." Жандос Болдықов, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды