Жеңіс Қасымбек жолдар туралы: Сапасыз орындалған жұмыстарды қабылдамаймыз

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қыстан кейінгі елордадағы жолдардың жағдайына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкім Instagram-дағы парақшасында көктем мезгілінің басталуымен кейбір көшелерде асфальт қармен бірге "еріп" кеткендей әсер қалдыратынын жеткізді.

"Жолдардың бәрі дерлік сапалы салынбаған. Тұрғындар тарапынан да шағымдар түсіп жатыр. Жауапты басқарма жол қызметкерлерімен бірлесе жөндеуден өтетін жолдар мен көшелердің сапасын әрі ұзаққа шыдамдылығын қамтамасыз етуі керек". Жеңіс Қасымбек

Оның айтуынша, өтініштерді ескере отырып, көшелер тізімін жаңарту қажет. Ең алдымен, қозғалысы қарқынды, жаңа әлеуметтік нысандары (кірме жолдар) бар орындарды жөндеу қажет. Сол сияқты елді мекендерде бұрын мүлдем асфальтталмаған көшелер де бар. Ал жаңадан салынып жатқан аудандарда инженерлік инфрақұрылымы мен үйлердің құрылысы біткеннен кейін ғана жолдары салынады. Оған дейін уақытша төсеммен қамтамасыз ету қажет.

"Жол жұмысының маусымы қысқа. Сол себепті уақыт та тығыз. Біз сапасыз орындалған жұмыстарды қабылдамаймыз". Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті