Өзбекстанда артық салмақтан арылғандарға ақша төленетін болды

Сурет: pixabay
Өзбекстанның Ферғана облысы басшылығы семіздікпен күресуге мықтап кірісті. Жергілікті билік толық адамдарды арықтауға ынталандыру үшін ерекше тәсіл ойлап тапты, деп хабарлайды Zakon.kz

Жуық арада Ферғананың артық салмақтан арылған тұрғындарына, тастаған әр келісі үшін жергілікті үкімет 500 мың сумнан (20 мың теңге) төлейді.

Осы мақсатта, әрбір ауданда семіздікке ұшыраған адамдардың тексеруден өткізетін арнайы комиссия жұмысын бастады. Етжеңділікке шалдыққан тұрғындар арнайы бағдарламаға тіркеліп салмақ тастауды бастап кеткен. Олардың жетістіктері жіті қадағаланады.

Өзбекстанда артық салмақтың кесірінен науқастар саны 80%-ға көбейді. Қант диабеті ауруын талдадық, қант диабетімен ауыратын 32 мың пациент тіркелді, олардың тек 2000-ы – қант диабетінің тұқым қуалайтын түрі. 30 мың адам дұрыс тамақтанбау, стресс, семіздіктен екені анықталды. Өзбекстанның Ферғана облысы басшысы Хайрулло Бозоров

Аурудың 50-55%-ы артық салмақ пен дұрыс тамақтанбаудан болады деген бастамашыл топ адамдар ақша үшін арықтауға барын салатынын айтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі