Путин мен Лукашенко келіссөздерден кейін бой жазып, хоккей ойнады

Сурет: РФ президентінің баспасөз қызметі
Владимир Путин мен Александр Лукашенко Санкт-Петербургтегі үш сағатқа созылған келіссөздерден кейін мұз айдынына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz

Ria_kremlin pool Telegram арнасы Ресей мен Беларусь президенттері бір командада ақ түсті киімде ойнағанын нақтылайды.

Хоккейден жолдастық кездесу Стрельндағы "Манеж" балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің мұз айдынында өтті.

Путин 11 нөмірін, Лукашенко 1 нөмірін тағынған.

Путин мен Лукашенко Санкт-Петербургте келіссөздер жүргізді. Кездесу шамамен үш сағатқа созылды. Тараптар Одақ мемлекет шеңберіндегі ынтымақтастықты, санкцияларды, ТМД елдері көшбасшыларының бейресми саммитінің нәтижелерін, сондай-ақ 2022 жылы Беларусь аумағында әскери оқу-жаттығуларды өткізу мәселелерін талқылады.

Ойын 18:7 есебімен президенттер ойнаған команда – ақ түстілердің пайдасына шешілді.

Александр Лукашенко екі шайба соқса, оның ұлы Коля төртеуін қақпаға кіргізе алды, ал Владимир Путин ең көп гол соқты, оның еншісінде – жеті шайба.

Ресей
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды