Ресейді Еуропа кеңесінен шығарып тастады

Сурет: unsplash
Ресей ресми түрде Еуропа Кеңесінен шығып қалды. Анонимді дауыс беру арқылы аталған ұйымның Министрлер комитеті осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

16 наурыздан бастап Ресей Федерациясының Eуропалық кеңеске мүшелігі тоқтайды, деп хабарлайды ТАСС.

Бүгін таңертең кезектен тыс отырыста Еуропалық кеңестің министрлер комитеті Еуропа Кеңесі Жарғысының 8-бабына сәйкес қолға алынған процедура аясында 26 жыл бойына аталған ұйым жұмысына ат салысып келген Ресей Федерациясы бүгіннен бастап Еуропа кеңесінің мүшесі болуын доғарады деп шешті. Министрлер комитеті

Ресей СІМ 10 наурызда Еуропа кеңесінің біржола құрдымға кетіп бара жатқанын мәлімдеп, Ресейдің аталған ұйымға мүшелігін тоқтататынын жариялады. Мәскеу ұстанымын түсіндірген сыртқы істер министрлігі Еуропалық кеңесті Батыс үстемдігі мен өзімшілдігін дуалауға арналған алаң деп атады.

Ресей Еуропа кеңесі мүшелігін 1996 жылы ақпанда қабылдады. Екі жылдан кейін Кремль гуманизм мен демократия қағидаттарын ұстанатындығын растай отырып, Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды қорғау туралы Еуропалық конвенцияны ратификациялады.

Ресей
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме