Түрікменстанның жаңа президенті ел үкіметін отставкаға жіберді

Сурет: turkmenistan.gov.tm
Түрікменстанның жаңа президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекет басшысы қызметіне кіріскеннен кейін ескі министрлер кабинетінің отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Нейтральный Туркменистан» басылымының жазуынша, үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлық президентті ұлықтау рәсімінің ертесінде шықты.

Түрікменстан министрлер кабинетін тарату Түрікменстан Конституциясына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте үкіметтің барлық мүшелері жаңа министрлер кабинеті жасақталғанға дейін жұмысын жалғастыра береді.

Еске салсақ, Түрікменстанда кезектен тыс президент сайлауы 12 наурыз күні өтті. Сайлауда 9 үміткер бақ сынады. Нәтижесінде 40 жастағы вице-премьер Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті.

Түрікменстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін