Латвия Ресейдің Балтық жағалауы елдеріне газ айдауды тоқтатқанын мәлімдеді

Сурет: pixabay
Қазір Латвияға газ Клайпеда сұйытылған табиғи газ терминалы және Инчукалнс жерасты газ қоймасынан жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәуір айының басынан бастап Ресейден Латвия, Литва және Эстонияға табиғи газ айдау тоқтатылды, деп хабарлайды РБК.

Латвияның Conexus Baltic Grid газ тасымалдау жүйесі операторының басшысы Улдис Барисстің айтуынша, Мәскеудің достастыққа жатпайтын елдерден газ үшін төлемді тек рубльмен қабылдайтындығы туралы шешімі Балтық жағалауы елдеріне деген тасымалдың көлемін күрт төмендейтінінен хабар берді, енді оларға "аса сенім артуға болмайды".

Қазір Латвияға газ Клайпеда сұйытылған табиғи газ терминалы және Инчукалнс жерасты газ қоймасынан жеткізіліп жатыр, ал соңғысында "осы кезең үшін ерекше көп газ бар", - деді Барисс.

Сондықтан, Латвияның алдағы бірнеше ай бойына өзінің энергетикалық қауіпсіздігі үшін алаңдауға негіз жоқ, - дейді ол.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі