БҰҰ «Азовстальдан» бейбіт тұрғындарды эвакуациялайтын жасақ әзірлеп жатыр

Сурет: Украина президентінің ресми интернет өкілдігі
БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі басқармасы Мариупольдағы "Азовсталь" зауытының аумағынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялайтын жасақты әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС БҰҰ Бас хатшысының өкілі Фархан Хактың сөзін келтіре отырып, операцияға дайындық бірнеше күнді алуы мүмкін екенін хабарлайды.

Хак арнайы жасақ эвакуацияны үйлестіретінін, басқарма оны әлі де дайындап жатқанын түсіндірді. Тараптар қауіпсіз эвакуациялауды бастау үшін әлі де қажетті жағдай жасап жоқ, деп атап өтті Хак. Осы мәселе бойынша Мәскеу және Киевпен әлі де байланысып, талқылау жүргізіліп жатқаны да атап өтіледі.

Біз Ресей мен Украина билігімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз, тезірек алға жылжу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Белгілі бір әскери қызмет жүргізіліп жатқан. Оның тоқтағанына алдымен көз жеткізіп алуымыз керек. БҰҰ Бас хатшысының өкілі Фархан Хак

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш күні кеше Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Диалог барысында Ресей басшысы Мариупольдегі ұрыс аяқталғанын, қаладағы жағдай күрделі екенін атап өтті. Ол Гутерришке жұмыс істемейтін гуманитарлық дәліздер туралы ақпараттың жаңсақ екенін, бүгінгі күндері олардың жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды