Украинаны қалпына келтіруге 600 миллиард доллар қажет

Сурет: Украина президентінің ресми интернет өкілеттігі
Варшавада өткен донорлар конференциясында Украинаға көмек ретінде 6,5 миллиард еуро жиналды. Зеленский Украина экономикасы мен инфрақұрылымын қалпына келтіруге 600 миллиард доллар керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Варшавада Украинаға қаражат жинауға арналған донорлар конференциясында бейнебайланыс арқылы сөйлеген Владимир Зеленский елді қалпына келтіру жоспары бойынша жұмыс істеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Украина президенті Владимир Зеленский елді қалпына келтірудің ауқымды жоспарын құру маңызды екенін айтты. Ол үшін, оның айтуынша, «Украинаны стратегиялық халықаралық қолдау жоспары қажет, ол тарихи Маршалл жоспарының заманауи аналогы болуы тиіс» (Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Американың Еуропаға көмек көрсету бағдарламасы).

Бұл ақша ғана емес – бұл қауіпсіз өмірге оралу, жаңғырту және әлеуметтік дамуға қажетті технологиялар, мамандар, өсуге мүмкіндіктер. Владимир Зеленский

Зеленский сондай-ақ Украинаға көмектесетін елдерге толық қалпына келуін қамтамасыз ету үшін белгілі бір аймақтарды, қалаларды және салаларға қамқорлық жасауды ұсынды.

Украина президенті сондай-ақ соғыстың аяқталуын күтпей-ақ, Украинаны Еуроодаққа қабылдаудың жеделдетілген процедурасын қайта жүргізуге шақырды.

Варшавадағы донорлық конференцияда Украинаға көмек ретінде 6,5 миллиард еуро жиналды, деп хабарлады Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий.

Конференцияны Польша мен Швеция Еуропалық комиссия және Еуропалық кеңес төрағаларымен бірлесіп ұйымдастырды.

Зеленский Украина экономикасы мен инфрақұрылымын қалпына келтіруге кететін шығынды 600 миллиард долларға бағалады, осындай сома қажет екенін елдің премьер-министрі Денис Шмыгаль мәлімдеді.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды