Шотландия басшысы егемендік алу бойынша референдум өткізетінін жариялады

Шотландияда Ұлыбританиядан егемендігін алу бойынша референдум өтеді. Бұл туралы өңірдің бірінші министрі Никола Стерджен мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian оның сөзін былай деп келтіреді: егемендік алатын "уақыт келді". Осы мәселеге қатысты жалпыхалықтық дауыс беру шарасы 2023 жылдың 19 қазанында өткізілуі мүмкін.

"Шотландия демократиясы Борис Джонсонның тұтқыны болмайды", - деді Стерджен премьер-министрдің референдум өткізуге рұқсат беруден бас тартқанын меңзеп.

Алдында Біріккен корольдіктің премьер-министрі Борис Джонсон Шотландияда тағы бір референдум өту мүмкіндігін жоққа шығарды, өйткені 2014 жылы "халық өз таңдауын жасаған".

Сонымен қатар, британдық БАҚ-тың хабарлауынша, консультативтік референдумның әдеттегі референдум сияқты күшке ие емес. Бұл дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша одан әрі саяси немесе заңнамалық шешімдер қабылдау үшін жасалған алғашқы қадам десе де болады.

Былайша айтқанда, егер Шотландия тұрғындарының көпшілігі егемендік алу үшін дауыс берсе, бұл Шотландияның бірден тәуелсіз ел болып шыға келеді дегенді білдірмейді. Бұл жағдайда референдумнан кейін тиісті заң жобасы әзірленіп, Ұлыбритания мен Шотландия парламенттерінің қарауына ұсынылады.

Ұлыбритания
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: