Оңтүстік Кореяда коронавирустың кезекті толқыны бой көтерді

Сурет: Zakon.kz
Елдің денсаулық сақтау органдары маймыл шешегінің таралуына қарсы алдын-алу шараларын қоса алғанда, инфекцияларға қарсы күресті күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости атап өткендей, соңғы төрт күн ішінде әр тәулік сайын тіркелген жағдайлардың саны 18 мың адамнан жоғары болып отыр. Шамамен бір апта бұрын бұл көрсеткіш тәулігіне 10 мың адамға жетпеген еді.

Соңғы тәулікте COVID-19-ды жұқтырудың 19 323 жаңа жағдайы тіркелді, жағдайлардың жалпы саны 18,5 миллионға жетті. 24 605 адам қайтыс болды, өлім-жітім деңгейі 0,13% құрайды.

Мамандардың пікірінше, аурудың көбеюіне халықтың жазғы демалысы, жүріс-тұрыстың көбеюі, иммунитеттің әлсіреуі, коронавирустың жаңа субварианттарының пайда болуы, оның ішінде BA.5 омикрон штаммының жұқпалы нұсқасының таралуы себеп.

Оңтүстік Корея келесі аптада COVID-19 індетінің кең қанат жаймасы үшін қатаң шаралар енгізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды