Африкада барға баса-көктеп кіргендер оқ жаудырды — 14 адам қаза тапты

Сурет: Facebook/South African Police Service
Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласының маңындағы барда атыс болып, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Одан бөлек, кемінде 10 адам жарақат алды, үшеуі ауыр халде, деп хабарлайды жергілікті eNCA телеарнасы.

Полиция оқыс оқиға жергілікті уақыт бойынша 0:30 шамасында болғанын жеткізді. Алдын ала келтірілген дерекке сүйенсек, белгісіз адамдар барға баса-көктеп кіріп, айналасына бұрқыратып оқ жаудырған.

Қаскөйлер бетін тұмшалап алған.

Жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдері атысқа қатысты жайттар нақтыланып жатқанын айтты.

Ақпарат ұсынған куәгерлермен арадағы ынтымақтастықтың арқасында біз бұл істі шешетінімізге күмәнім жоқ. Полиция комиссары Элиас Мавела
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді