Ерекше аптап ыстық осы апта ішінде сақталып қала берсе, парламент мүшелері мәжіліс залында кәстөмсіз, галстуксіз жүремін деп шешсе, оған мен қарсы емеспін, – дейді РИА Новости Хойлдың сөзін келтіріп.
Ұлыбританияда дүйсенбі және сейсенбі күндері рекордтық деңгейде аптап ыстық күтіледі, осыған байланысты 15 шілде, жұма күні елде тарихта алғаш рет қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланды.
Синоптиктердің болжамынша, термометр бағаны бұл күндері 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, осылайша Ұлыбританияда 2003 жылы 38,7 градус сипатында тіркелген абсолютті температура рекорды жаңармақ.
Рекордтық температура көптеген қызметтің жұмысына кедергі келтіреді деп күтіледі.
Аптап ыстық өрт пен басқа да төтенше оқиғалардың орын алуына жол береді. Атап айтқанда, әскери полигон өртеніп, ұшу-қону жолағының еруіне байланысты Линкольнширдегі Ұлыбритания әуе күштерінің Крануэлл әуе базасының жұмысы тоқтатылды деп хабарланды.
Сонымен қатар, өрт сөндіру топтары бірнеше апта бойы жаңбыр тамшысы түспеген Англияның шығысында 50-ден астам өрт ошағын сөндірді. Ыстықтан көбіне жолдардың асфальты еріп, төтенше жағдай туғызуда.