Италияда 95 жастағы Джина Лоллобриджида парламенттегі сайлауға түскелі жатыр

Сурет: Facebook/Gina Lollobrigida
95 жастағы итальяндық актриса Джина Лоллобриджида қыркүйек айында өтетін Италия парламентінің жоғарғы палатасы (Сенат) сайлауына қатыспақ ниетте, деп хабарлайды Zakon.kz.

La Repubblica газеті Лоллобриджида тізімнен тыс өтетінін жазды, оның кандидатурасын ұсынуға актрисаның адвокаты, саяси бірлестікпен байланысты бұрынғы прокурор Антонио Ингройя ықпал еткен.

Шетелдік БАҚ "Егемен және халықтық Италия" қажетті үш пайыздық кедергіні игеруден үмітті екенін жазады. Сондай-ақ Парламенттің қазіргі шақыруылымындағы құрам мақұлданған реформадан кейін заң шығарушылар саны үштен бірге азайды: төменгі палата — 600-ден 400 депутатқа дейін, жоғарғы палата - 315-тен 200 сенаторға дейін. Сайлау 25 қыркүйекке белгіленген.

Лоллобриджида 1999 жылы Еуропалық Парламентке сайлануға тырысқан, бірақ ол 10 мың дауыс жинап, ең төменгі шекті игере алмады.

Соңғы жылдары актрисаның есімі сары басылымдарда мүлік дауына қатысты жиі аталады. Ол өз немересі Димитриймен соттасқан. Актрисаның туыстары Лоллобриджида мүлкіне өз бетінше ие бола алмағандықтан, маңайындағы адамдардың талан-таражына үнемі түсіп отырады дегенді айтады.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты