Эбола індеті өршіп барады: дәрігерлер вакцина мен дәрі-дәрмек тапшылығы туралы мәлімдеді

Эбола індеті өршіп барады: дәрігерлер вакцина мен дәрі-дәрмек тапшылығы туралы мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2026 10:08 Сурет: magnific
Конго Демократиялық Республикасында Эбола геморрагиялық қызбасын жұқтырғандардың расталған саны 3 мыңнан асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News телеарнасының жергілікті билікке сілтеме жасап мәлімдеуінше, елде ауру жұқтырғандар саны 3075 адамға жеткен. Оның ішінде 1354 адам қайтыс болған. Белгілі болғандай, мамыр айында анықталған жаңа штамға қарсы әзірге ресми түрде мақұлданған вакцина да, тиімді емдеу әдісі де жоқ.

Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (Africa CDC) дерегінше, жағдайдың ушығуына қаржының жеткіліксіздігі, дәрі-дәрмек пен вакциналардың тапшылығы кері әсер етіп отыр.

Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ауру жұқтырғандардың нақты саны ресми статистикадан екі-төрт есе көп болуы мүмкін екенін ескертті.

Жағдайды елдің шығыс бөлігіндегі медицина қызметкерлерінің ереуілі де қиындатып отыр. Эболаны емдеу орталықтарының қызметкерлері кешіктірілген жалақысы мен қосымша төлемдерін талап етуде. Соның салдарынан науқастарға медициналық көмек көрсету жұмыстарының үздіксіздігі бұзылған.

Бұған қоса, кейбір өңірлерде жалғасып жатқан қарулы қақтығыстар дәрігерлердің барлық науқасқа дер кезінде жетуіне кедергі келтіруде.

Еске салсақ, қазақстандық туристер жиі баратын елдер Эбола індетіне байланысты кіру талаптарын күшейткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: