Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Львовта Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуін бастады, деп жазды РБК.
Президенттер қала орталығында орналасқан сәулет ескерткіші Потоцкий сарайында кездесті.
Ердоған Украинаға бүгін таңертең ұшып шықты. Оның ұшағы Польшаның Жешув әуежайына қонды, сол жерден түрік президенті Львовқа аттанды.
Сапар барысында ол Зеленскиймен кездесуден бөлек, Украина президенті және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен үшжақты келіссөздер жоспарланған.
Бұл кездесуде олар Запорожье атом электр стансасы төңірегіндегі жағдайды, Еленовкадағы тергеу изоляторын атқылауға байланысты тергеу барысын, сондай-ақ «астық мәмілесін» іске асыру барысын талқылайды. Атап айтқанда, Гутерриш Одесса порттарының біріне баруды жоспарлап отыр.