Қырғызстан президенті елдегі алтын қай жаққа кететінін айтпай, жасырып қалды

Сурет: wikimedia
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында елдегі алтын қандай мемлекеттерге жөнелтіліп жатқаны туралы ақпаратты жариялауға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстан президентінің айтуынша, Ұлттық банк алтынды шетелге шығарып, әлемдік биржада сатады. Жыл соңында "Құмтөрден" түскен таза табыс қазынаға түседі. Әр долларды бақылауға болады.

Алтынның қай елге, қай уақытта, қай ұшақпен тасымалданып жатқаны құпия. Бұл ақпаратты жұртшылықтан жасыру үшін емес, қауіпсіздік мақсатында жасалады. Бір миллиард доллардың алтынын Ұлттық банк қажетті елге жеткізу үшін қаншама елден ұшып өтуі керек екенін елестетіп көріңізші. Садыр Жапаров

Оның айтуынша, барлығы құжатталған, бұл құжаттар мұрағатта өмір бойы сақталады. Мемлекетті ешкім алдамайды.

Қырғыз басшысы мұндай ақпарат кейін де жасырын қалатынын айтты.

Ұлттық банк Құмтөр кен орнындағы алтынның сатылғанын жоққа шығарды.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі