Қаралы Лондон: Марқұм ІІ Елизавета патшайымның құрметіне 96 рет ауаға оқ атылды

Сурет: Instagram/theroyalfamily
Ұлыбританияда марқұм ІІ Елизавета патшайымның өмір сүрген әр жылының құрметіне 96 рет ауаға оқ атылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вестминстер аббаттығында, Әулие Павел шіркеуінде және Виндзор сарайында марқұм патшайымның құрметіне соғылған қоңырау үнімен қоса қабаттаса дүңк-дүңк еткен оқтың дауысы да естіліп жатты.

Букингем сарайы Ұлыбритания патшайымының қайтыс болуына байланысты қаралы күн жерлеу рәсімінен кейінгі жеті күн бойына сақталатанын хабарлады.

Ұлы патшайымның дүниеден озуына байланысты, патшаның өтініші бойынша, патшайымды аза тұту қазірден бастап жерлеу рәсімінен кейінгі жеті күн бойы да сақталады", деп хабарлайды сарайдан, ал жерлеу күні жақында жарияланатындығы еске салынды.

Корольдік резиденциялардағы жалаулар аза тұту мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі күні сағат 8:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 13:00-ге дейін) төменге түсірілген күйде болады. Корольдік резиденциялары, соның ішінде Букингем сарайы мен Балморал қамалы, сондай-ақ патшайымның иеліктері жерлеу рәсіміне дейін жабық болады.

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета 8 қыркүйекте 97 жасына қараған шағында Балморал қамалында дүниеден озды .

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі