Францияның солтүстігіндегі әуежай патшайым II Елизавета атымен аталды

Сурет: Instagram/theroyalfamily
14 қазаннан бастап Францияның солтүстігінде орналасқан Le Touquet-Paris-Plage халықаралық әуежайы Aéroport international Le Touquet-Paris-Plage Elizabeth II аталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Travelweekly.co.uk басылымында айтылғандай, атауды өзгерту туралы шешімді әуежай басшылығы патшайым II Елизаветаға "құрмет көрсету үшін" қабылдаған.

Әуежай мәлімдемесінде атауды өзгерту "француздық әуежайлардың ең британдық мәртебесін растайды және нығайтады" делінген.

Патшайым II Елизаветаға құрмет көрсету және оның ағасы VIII Эдвард пен бірге Ле-Тукеге сапарын еске алу үшін Ле-Туке-Париж-Плаж қаласы өз әуежайын патшайымның атымен атауды қалайды. Ол 70 жыл бойы еліне адал және тұрақты қызмет еткен.Ле Туке-Кот-д'Опал әуежайы басшылығының мәлімдемесі

Le Touquet-Paris-Plage - қазір Францияның солтүстігіндегі ең талғампаз теңіз жағалауы курорты, сонымен қатар көптеген люкс қонақүйлер мен ауқатты париждіктерге арналған демалыс орындарының орналасқан жері. Қалада ерекше ғимараттар бар және әуежай жақын жерде орналасқан.

8 қыркүйекте Балморал сарайында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің патшайымы II Елизавета 97 жасында қайтыс болды.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты