Ол бұл туралы 20 қыркүйекте елдің Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Александр Вольфовичпен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды БелТА агенттігі.
Жағдай өте күрделі. Тіпті, қауіпті деп айтар едім. Біз ешқандай жағдайда оңай жағына жүгірмеуіміз керек. Ештеңеден қорқудың қажеті жоқ. Соғыс уақытындағы нормаларға сәйкес бізге қандай да бір әскери бөлімді дабыл белгісімен аяғымен тік тұрғызу қажет пе, демек, қажет, солай жасау керек болады. Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко
Сондай-ақ Лукашенко бұл ретте қорықпауға шақырды.
"Халық жасағы керек, бәрі өз орнында ма, қандай жауынгерлер болуы тиіс, қарулары қандай болуы керек, ол жағын да тексеруіміз тиіс", деген Лукашенко Беларусь елінде халық жасағы енді ғана қалыптасып жатқанын баса айтты.
Егер біз Ресеймен бірге болсақ, онда Ресеймен бірге боламыз. Біз қорғаныс кеңістігін құрдық, бізде ортақ қарулы күштер бар, шын мәнінде, біздің армия шепте болады, негізінен аймақтық топ іс-қимылға қатысады. Содан кейін бізді ешкім сөкпесін ана жақта отырып алып, "Ах, Лукашенко, орыс әскерлері және басқалары" деген фейк немесе төтенше мәлімдемелер жасап. Бұл жерде таң қалатын түк жоқ. Біз бұл туралы 20 жыл бұрын айтып, келісіп қойған болатынбыз. Беларусь Президенті Александр Лукашенко