ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Арменияның Әзербайжанмен шекаралас аумағына келді

Сурет: odkb-csto.org
22 қыркүйекте ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зас Вайоцдзор облысының Әзербайжанмен шекаралас ауданына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚШҰ-ның ресми сайтында хабарланғандай, Станислав Зас Армения қарулы күштерінің байланыс шебінде орналасқан бөлімшелерінің командирлерімен, жергілікті билік өкілдерімен кездесті.

Сондай-ақ оқ атылған жерлерді аралап, ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметкерлермен әңгімелесті.

Ұйымның Бас хатшысы бастаған ҰҚШҰ миссиясы Арменияға 13 қыркүйекте өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысының шешіміне сәйкес келді.

Миссия құрамына Ұйымның жұмыс органдарының қызметкерлері болып саналатын ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері кіреді.

Миссияға қазіргі жағдайды бағалау, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларына аймақтағы жағдай туралы егжей-тегжейлі баяндама дайындау және Армения мен Әзербайжан шекарасындағы жекелеген аудандарда туындаған шиеленісті бәсеңдету бойынша ұсыныстар әзірлеу міндеті жүктелді.

21 қыркүйекте ҰҚШҰ Бас хатшысы қақтығысты деэскалациялау мақсатында Арменияға келді.

Арменияның Қауіпсіздік кеңесі Әзербайжанмен шекарадағы қақтығыстың шиеленісуі салдарынан 207 адам қаза тапқанын және хабарсыз кеткенін хабарлаған. Армения жағы Әзербайжан қарулы күштерінің 36 елді мекенді атқылағанын мәлімдеді.

17 қыркүйекте Әзербайжан министрлігі шекарадағы жағдайдың ушығуы салдарынан 80 азаматының қаза тапқанын, 281 адамның жараланғанын хабарлады.

Әзірбайжан
Армения

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты