Ким Чен Ын Лариса Долинаның концертіне қатысып, сахнаға көтерілді

Ким Чен Ын Лариса Долинаның концертіне қатысып, сахнаға көтерілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 16:42 Сурет: Ресейдің Табиғи ресурстар және экология министрлігі
2026 жылғы 26 қарашада КХДР астанасы Пхеньянда ресейлік өнерпаздардың концерті өтті. Олардың қатарында Ресейдің халық әртісі Лариса Долина да өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Одан бөлек, концертте бүкілресейлік және халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші Екатерина Андреева, Мариин театрының солисі Глеб Князев және Осипов атындағы Ресейдің ұлттық академиялық халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Бұл туралы Ресейдің КХДР-дағы елшілігі Telegram арнасында хабарлады.

Ким Чен Ын Лариса Долинаның концертіне қатысып, сахнаға көтерілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 16:42

Сурет: Ресейдің Табиғи ресурстар және экология министрлігі

Жарияланған кадрларда Солтүстік Корея басшысының сахнаға көтеріліп, Лариса Долинамен қол алысып, бірге суретке түскені көрінеді.

"Ким Чен Ын Ресей мен КХДР арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысының Пхеньяндағы алғашқы күнін қорытындылаған салтанатты концерт үшін мәскеулік өнерпаздарға жеке алғысын білдірді", – делінген жарияланымда.
Ким Чен Ын Лариса Долинаның концертіне қатысып, сахнаға көтерілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 16:42

Сурет: Ресейдің Табиғи ресурстар және экология министрлігі

25-27 қараша аралығында Пхеньянда Ресей Федерациясы мен Корей Халық Демократиялық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 13-отырысы өтіп жатыр.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Ресейдің Табиғи ресурстар министрлігінің басшысы әрі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Александр Козлов журналистерге Ресей мен КХДР арасындағы қарым-қатынастың даму қарқыны өте оң екенін айтты.

"Біз бұған дейін мемлекет басшыларымыздың кездесуі кезінде жоспарланған инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Олардың қатарында Туманган өзені арқылы өтетін көпір, Мәскеу – Пхеньян тікелей әуе қатынасының ашылуы, бүгін көріп отырған мәдени алмасулар және білім беру саласындағы байланыстар бар. Бізді тарихи тұрғыдан бұрыннан байланыстыратын көптеген бағыт бар", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін желіде КХДР басшысының отбасымен бірге Самджиён әуежайы мен Букпотэсан тау шаңғысы курортының құрылыс алаңдарын аралаған сәтінен түсірілген суреттер қызу талқыланған болатын. Курортта Ким Чен Ынның қызы шаңғы тебуден шеберлігін көрсеткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: