Түркиядан 9 елге шығарылған 256 млн долларлық актив бұғатталды
Фото: Zakon.kz
Oxu.Az басылымының жазуынша, бұл іс бойынша 632 күдікті бар. 91 компанияға сенімгер басқарушылар тағайындалып, кәсіпорындар Түркияның Жинақ салымдарын сақтандыру қорына (TMSF) берілген.
Сондай-ақ 181 заңды тұлға мен 551 жеке тұлғаның мүлкіне тыйым салынып, банк шоттары бұғатталған.
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі 1 867 автокөлікті, төрт әуе және үш теңіз кемесін, сондай-ақ 378 жылжымайтын мүлік нысанын тәркілеу туралы шешім қабылданған. Бұдан бөлек, 307 компаниядағы үлестерге де тыйым салынған.
Министрдің айтуынша, күдіктілер шетел валютасындағы жалпы құны шамамен 13 млрд лираға (256 млн доллар) бағаланатын активтерді Ұлыбритания, Швейцария, Люксембург, Бахрейн, Грекия, Германия, Чехия, Италия және Біріккен Араб Әмірліктеріне шығарған.
Ол бұл қаражатты TMSF жанындағы қорға аудару үшін халықаралық құқықтық көмек көрсету рәсімдері басталғанын атап өтті.
Гюрлек қаражаттың бір бөлігі ерікті түрде қайтарылғанын да хабарлады. Оның сөзінше, 85 адамнан жалпы сомасы 44 млрд 580 млн лира (880 млн доллар) қайтарылған.