НАТО Бас хатшысы ядролық күштерді тежеп ұстау жаттығулары өткізілетінін жария етті

Сурет: Instagram/jensstoltenberg
НАТО жақын күндері ядролық күштерді тежеп ұстау бойынша оқу-жаттығулар өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг сейсенбіде, 11 қазанда мәлімдеме жасады.

Ол ядролық күштерді тежеп ұстау жөніндегі оқу-жаттығулардың өткізу кезеңін келесі аптада жариялайды.

НАТО жақын күндері ядролық күштерді тежеп ұстау жөніндегі жоспарлы жаттығулар өткізеді. Мұны шиеленістің алдын алу жолы деп санаймыз. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг

Сондай-ақ ол НАТО Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіретін елдердің маңызды инфрақұрылымын қорғауды күшейту, Украинаға әскери көмекті арттыру бойынша шаралар қабылдауға ниетті екенін атап өтті.

Йенс Столтенберг альянсқа мүше елдердің Украинаны қолдауы қақтығыс жағдайында шешуші рөл атқарады деп санайды.

Оның айтуынша, Украинаны Ресей жеңеді деуге жол берілмейді, өйткені бұл НАТО-ның да жеңілісі болар еді. Соған қарамастан, ол тағы да НАТО Украина шиеленісіне араласпайтынын мәлімдеді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты