Бішкекте Кемпір-Абад су қоймасын Өзбекстанға беруге қарсы митингі өтіп жатыр

Сурет: kaktus.media
Бішкектегі бейбіт акцияға шыққандар билікті Кемпір-Абад су қоймасын Өзбекстанға өткізіп беру процесін, сондай-ақ өз қарсыластарын саяси қуғын-сүргінге салуды тоқтатуға шақыратын петицияға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 қазанда таңертең Қырғыз Республикасына тиесілі Кемпір-Абад су қоймасын Өзбекстанға өткізіп беруге қарсы шыққан оппозициялық саясаткерлер мен белсенділердің үйіне жаппай тінту жүргізілді, деп хабарлайды 24kg.

Бішкектегі тұтқындаулар туралы жаңалықтан соң жаппай наразылықтар басталды.

Бішкек АІІБ және Шу облысының аудандарында 21 адам қамауға алынды. Парламенттің бұрынғы депутаты Қанат Исаев та ел астанасының тергеу изоляторына бір айға тоғытылды.

Белсенділердің үйлерінде тінту жүргізілді.

Қырғыз Республикасы ІІМ билікті заңсыз басып алу мақсатында жеке тұлғалардың жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оны дайындауға қатысқаны туралы дәлелдер қолдарына түскенін хабарлады.

Президент Садыр Жапаров билікте Кемпір-Абад бойынша митингілер мен шерулердің артында кім тұрғаны туралы ақпарат бар екенін айтқан болатын.

Митингіге қатысушылар мынандай талаптарды қамтитын петицияға қол қойды:

Құжат Қырғыз Респубикасы президентінің әкімшілігіне, Жогорку Кенешке және министрлер кабинетіне табысталады деп жоспарланған.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі