РИА Новости мәліметінше, Юн Сок Ёль бұл қайғылы оқиғаны "орын алмауы тиіс трагедия"деп атады. Ол барлық зардап шеккендерге ем берілетіндігіне уәде берді.
Қаза тапқандардың жаны жайлы болуы үшін дұға етемін, зардап шеккендер тез сауығып кетеді деп үміттенемін. Қымбат жанын жоғалтқан отбасыларға қайғыра отырып, көңіл айтамын. Бүгіннен бастап және жағдайдың салдары жойылғанға дейін, мен елімізде Ұлттық аза тұту күнін жариялаймын. Осы жағдайды шешу және болашақ үшін шаралар қабылдау үкіметтің басты басымдық беретін мәселесі болады. Біз оқиғаның себептерін мұқият зерттеп, болашақта мұндай жағдайды болдырмас үшін кешенді шаралар қолданамыз. Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль
Сонымен қатар, шұғыл әрекет ету қызметі қаза тапқандар санының 151-ге дейін артқанын мәлімдеді.
Айта кетсек, Сеулде көптеген ойын-сауық орыны орналасқан Итэвон аймағында тар көшемен ағылған топ адам, бір-бірін қысып, таптап кеткен. Адамдар бірінен кейін бірі есінен тана бастаған. Олар Хэллоуинді тойлап, көшеге шыққан. Ал тар көшеге ағылу себебі сол маңға атақты бір өнер адамы келгенге ұқсайды. Соны көру үшін асыққан адамдар бір-бірін қысып, итере-митере алға ұмтылған.