Ресей Қазақстанға астық тасымалдау тарифтерін төмендетуді ұсынды

Сурет: primeminister.kz
Ресей Қазақстаннан ел аумағында астық тасымалдау бағасын төмендетуді сұрады. Компанияға мұндай үндеу қыркүйек айында жіберілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ведомости" басылымы ақпарат көздеріне сілтеме жасап жазғандай, төлемді азайту туралы ұсыныс айтылған хат жазылғанмен, ешқандай өзгеріс болған жоқ. 8 қарашада "РЖД" ААҚ өкілдері мен "Единая Россия" депутаттарының жабық кездесуінде тарифтер талқыланды.

"Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ Ресейден Қазақстан арқылы транзиттік астық тасымалдау жағдайына түсініктеме берді.

Ресей астығын Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдаудың тарифтік шарттары соңғы 4 жылда өзгерген жоқ. Ресейден Қазақстан аумағы арқылы транзитпен астық тасымалдау көлемі оң динамикаға ие, – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Компанияның мәлімдеуінше, 2022 жылдың 10 айында транзит көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға өскен.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты