Қазақстандық дипломаттардың отбасы Швейцарияда жұмыс істей алады

Сурет: pixabay
Мемлекет басшысы "ҚР үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды.

Ақорданың хабарлауынша, заңға 1 желтоқсанда қол қойылды.

2021 жылғы 6 қыркүйекте Берн қаласында ҚР үкіметі мен Швейцария Федералдық кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісімге қол қойылды.

Мақсаты – дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктер және консулдық мекемелер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің Қазақстан мен Швейцария Конфедерациясының аумақтарында ақылы еңбек қызметін жүзеге асыруына байланысты мәселелерді екінші тарапта ресми аккредиттелген тараптардың бірінің немесе екінші тараптың аумағында құрылған халықаралық ұйымның өзара келісім негізінде реттеу.

Бұл қазақстандық дипломаттардың отбасы мүшелеріне (жұбайы, балалары) Швейцарияда ақылы негізде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Келісімнің 7-бабына сай, қабылдаушы мемлекеттің аумағында ақылы еңбек қызметін жүзеге асыратын отбасы мүшесіне осы мемлекеттің заңнамасы қолданылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты