Үйде өзін-өзі оқшаулау Бейжің мен Гуанчжоудың кейбір тұрғындары үшін енгізілді. Бірақ Мемлекеттік кеңестің ресми мәлімдемесі Қытайдың COVID-19-ға нөлдік төзімділік саясатынан бас тартуға бел байлағанын білдіреді, деп жазды South China Morning Post.
"Біз адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығын мүмкіндігінше қорғаймыз және COVID-19-ның әлеуметтік және экономикалық дамуға әсерін барынша азайтамыз", - делінген Мемлекеттік кеңес хабарламасында.
Жаңа ережелерге сай, коронавируспен ауыратын науқастарға өзін-өзі оқшаулауға рұқсат етілді. Бұрын олар арнайы ауруханаларға жатқызылған еді.
Сонымен қатар КВИ таралу қаупі жоғары және төмен аймақтар тұтас тұрғын үй кешендері емес, ғимараттар деңгейінде белгіленеді.
Елде ПТР сынақтарының орнына экспресс-тесттерді қолдану кеңейді. ПТР-ды жұқтыру қаупі жоғары жерлерде жұмыс істейтін адамдар ғана тапсыруы керек. Қытай азаматтарына енді қоғамдық орындарға бару немесе саяхаттау үшін ПТР тестінің теріс нәтижесін көрсету қажет емес. Бұл жаңашылдық ауруханаларға, мектептерге және қарттар үйлеріне бару кезінде қолданылмайды.
Ауру ошақтары жоқ мектептер әдеттегідей сабақтарды жалғастырады. Супермаркеттер, асханалар, спорт залдары мен кітапханалар ашылады.
Үрімшідегі өрттен және карантинге жабылған адамдардың өлімінен туындаған наразылықтардан кейін жергілікті билік бірқатар шектеулерді жеңілдетті.