Макрон футболдан ӘЧ-ның жартылай финалына баратынын айтты, тек бір шарты орындалса

Сурет: twitter/JerryOuyang
Франция президенті Эммануэль Макрон футболдан әлем чемпионатының алдағы ширек финалында өнер көрсететін Франция мен Англия құрамаларының ойынына қатысты өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Францияның 25-ші президенті өз футболшыларының жеңіске жететініне сенімді, тіпті мундиалдың ақтық ойындарында төбе көрсетуге де сөз берді.

Француз мемлекетінің басшысы - өз құрамасының өнерін мұқият қадағалап отыратын әрі әр кез әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы құттықтау жолдайтын санаулы президенттердің бірі.

Англия құрамасымен болатын матч алдында француз президенті кәнігі футбол сарапшысы секілді өз ойымен бөлісті.

"Ағылшын құрамасын жеңетіндігімізге күмәнім жоқ. Алайда, есеп қандай болатынын дөп басып айта алмаймын, бірақ финалдың 1/2 кезеңіне өте аламыз деп ойлаймын. Қорытынды болжамымды матч алдында айтамын, өйткені алдымен командалардың ұсынатын өтінімдеріне бір үңілу керек. Қалай дегенмен де біздің құраманы 1/8 финалда көрсеткен тамаша ойын өрнегімен құттықтағым келеді. Егер Англияны ұтатын болсақ, онда алдында уәде еткенімдей, жартылай финалға да, финалға да баратын боламын". Эммануэль Макрон

Франция мен Англия құрамаларының матчы 10 желтоқсаннан 11 желтоқсанға қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де басталады.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін