Түркияда теңізде қалып қойған мұнай тиелген танкерлер саны артты

Сурет: pixabay
Ыстамбұлда Босфор бұғазы арқылы Жерорта теңізіне бет алу үшін Қара теңізде күтіп тұрған мұнай танкерлері көбейіп, жалпы саны 16-ға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс пен түрік билігі Ресей мұнайын тасымалдайтын танкерлер туралы келіссөздер кезінде танкерлер Түркия суында тұрып қалды, деп жазды Reuters.

Британ қаржы министрлігінің өкілі келіссөздер 5 желтоқсанда G7 елдері мен Еуроодақ ресейлік мұнай экспортына жаңа шектеулер енгізген кезден бастап жүріп жатқанын айтты. Шектеу еуропалық фирмаларға ресейлік мұнай тасымалдайтын танкерлерді тек барреліне 60 доллардан немесе одан төмен бағаға сатып алған жағдайда ғана сақтандыруға мүмкіндік береді.

АҚШ Қаржы министрінің орынбасары Уолли Адейемо Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Оналға бағаның тек ресейлік мұнайға қатысты екенін айтты.

7 желтоқсанда Қазақстан мұнайы тиелген танкерлер Қара теңізде тұрып қалғаны хабарланған еді.

Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған