Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшы атанды

Сурет: Instagram/k.mbappe
"Пари Сен-Жермен" футбол клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлемдегі ең қымбат ойыншы атанды. Қатарда өткен Футболдан әлем чемпионатының қорытындысы бойынша футболшы 20 миллион еуроға қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағалау қорытындысын Transfermarkt порталынан көруге болады.

Сайт "ПСЖ" мен Франция құрамасы шабуылшысының құнын 180 миллион еуроға дейін көтерді. Осының арқасында Мбаппе әлемнің ең қымбат ойыншылары тізімінде "Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холандты басып озды, оны Transfermarkt 170 миллион еуроға бағалаған еді.

Үздік үштікке бразилиялық Реал Мадрид шабуылшысы Винисиус Жуниор да кірді. Ойыншы 120 миллион еуроға бағаланған.

Сондай-ақ "Бенефиктегі" аргентиналық Энцо Фернандестің құны 20 миллион еуроға (35-тен 50-ге) өсті.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды