Лукашенко: Украина Беларусқа шабуыл жасамау туралы келісімге отыруды ұсынды

Сурет: president.gov.by
Беларусь Президенті Александр Лукашенко Украина өздерімен шабуыл жасамау туралы келісімге отыруды ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл ұсынысты қашан және кім алға тартқанын нақтыламады. Бұл туралы Лукашенко елдегі қоғамдық-саяси жағдай мен қылмыстың жай-күйі туралы кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды БелТА.

"Бір жағынан, Украинамен ешқандай жағдайда соғыспауымызды, әскерлерімізді ол жаққа қарай жылжытпауымызды сұрайды бізден. Шабуыл жасамау туралы келісім жасасуды ұсынады. Екінші жағынан, мына бір қойыртпақты дайындап, оларды қаруландырады. Польша, Литва, тіптен еліріп алыпты. Оларға бұл не үшін керек? Түсініксіз.". Беларусь Президенті Александр Лукашенко


Күні кеше Лукашенко Беларусь шекарасына жақын маңға "Еуропалық одақ пен Украинаға іргелес жатқан мемлекеттердің қарулы топтары" шоғырланып жатқанын атап өтті. Нақтысын айтқанда, шамамен 23,5 мың адам, оның 17,2 мыңы - Украинадан және 3,7 мыңы - Польшадан.

2022 жылдың қазан айында Александр Лукашенко мен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин біріккен әскери топ құруға келісті.

Беларусь

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс