Түркиядағы құтқарушыларымыз қирандылар арасынан әйел адамды аман алып шықты

Сурет: видеодан скриншот
Қазір қазақстандық құтқарушылар түрік әріптестерімен бірге жер сілкінісі болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Түркияға келген қазақстандық құтқарушылар күрделілігі жоғары объектілерге бекітілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, өткен тәулікте бірінші топ көлбеу келген алты қабатты үйді зерттеді, үй шөгіп жатыр, құтқарушылар қиын жағдайда жұмыс істеуде.

"Блоктан шығару және үйге кіру жүргізілді, іздестіру кезінде қаза тапқан 3 әйелдің денесі табылып шығарылды, үйінділерді тазарту, құрылыс конструкцияларын шығару жүріп жатыр".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, екінші топ толығымен қираған 9 қабатты екі үйді зерттеді, сонымен қатар жергілікті құтқарушылармен бірге тірі адамды - зардап шеккен әйелді шығарып алды. Осы объектіде құтқарушылар 1 адамның денесін тапты.

Құтқарушылар қиранды орнында жағдай қиын екенін мәлімдеді. Олар үйінділер арасынан адамдарды жылдам іздестіру үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр.

"Жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде" – , деп атап өтті ҚР ТЖМ өкілдері.


Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз