Жетім балалар басқа елдерге асырап алуға берілмейді - Түркия елшісі

Сурет: Zakon.kz
Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экичи жер сілкінісінен жетім қалған түркиялық балалар қазір мемлекет бақылауында екенін айтты. Қазір мемлекет олардың жеке басын анықтап, құжаттарын қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зілзаладан жетім қалған түрік балаларына қазір психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

"Бұл балалар басқа елдерге асырап алуға жіберілмейді. Олар Түркиядағы туыстарының отбасына орналастырылады. Патронат тәрбиеде 1858 бала бар. Олардың 200-інің жеке басы мен құжаттары әлі анықталған жоқ".Уфук Экиджи

Түркияда 6 ақпан күні таңертең болған жер сілкінісі кейінгі мәліметтер бойынша 43,5 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Апат аймағынан 448 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Полицейлердің мәліметінше, 564 адам жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда үй салу нормаларын бұзды деген күдікке ілінген. Күдіктілердің 160-ы қамауға алынды. Күдіктілердің кейбірі әлі іздеуде.

Үйінділер арасынан адамдарды іздеуге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары да шықты. Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қазақстандық құтқарушылар жер сілкінісі болған аумақта тәулік бойы жұмыс істегенін айтты.

20 ақпанда Түркияның Сириямен шекарасында магнитудасы 6,4 болатын жаңа жерасты дүмпуі тіркелді.

Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін